Тарих

«Құрылу тарихы»

«Астана Арена» стадионы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.А. Назарбаевтың бастамасымен құрылды.

«Астана Арена» - Қазақстанның елордасы – Астанада орналасқан стадион 16 000 орындықты ойын алаңы бар төменгі, 14 000 орынды жоғарғы позициялы екі деңгейлі террасалар батыс және шығыс тараптардан төніп тұрған үлкен амфитеатр ретінде ойластырылған. Жоба жұмысы шамамен екі жарым жылға созылды. 11 500 тонна металл конструкциялары орнатылған. Барлық жерден ойын алаңын кедергісіз көруге болады. Стадионның сырғымалы шатыр толығымен 20 минут ішінде ашылып, жабылады. Стадионда жоғары сапалы жасанды алаң мен әлемдік деңгейдегі матчтарды, мәдени және спорттық іс-шараларды жүргізуге бейімделген барлық үй-жайлардың инфрақұрылымы бар.

slide-3

 

«Маңызды оқиғалар»

2009 жылғы 3 шілде. «Астана Арена» стадионының ашылуы.

Стадион тарихының алғаш ашылған күні матчта «Локомотив» футбол клубы (астана клубы) мен Қазақстанның жастар құрамасы кездесті. Матчқа атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллин төрешілік етті. Оның ысқырығымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев допқа символдық бірінші соққыны жасады. Әр қоманданың құрамында олардың тұрақты ойыншыларынан бөлек екі шақырылған «жұлдыз»: Қазақстанның жастар құрамасында - Грузия құрамасының және италяндық «Милан» қорғаушы КахаКаладзе мен шабуылшысы Андрей Шевченко, ал «Локомотив» құрамында - атақты түрік ойыншылар Хасан Шаш және Хакан Шукюр өнер көрсетті.

 

2009 жылғы 14 қазан. Ұлттық құраманың алғашқы ресми матчы.

Стадионда алғаш рет ұлттық құраманың ресми матчы өткізілді: 2010 әлем чемпионатының біліктілік турнирінде стадионда Қазақстан құрамасы Хорватия құрамасымен кездесті.

 

2011 жылға 30 қаңтар. VII Қысқы Азия ойындарының ашылуы.

Астана және Алматы қалалары азия құрлығының спорттық өмірінің орталығы болды. Қазақстанда алғаш рет VII Қысқы Азия ойындарын өткізу, ең алдымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды.

Азиаданың ашылуы жаңа «Астана-Арена» жабық стадионында өткізілді. Салтанатты шараға ел басшылары, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Азия Олимпиадалық кеңесінің Президенттері мен басқа да құрметті қонақтар қатысты. 32 алтын медальды иеленіп Қазақстан осы ойында жоғары сынамалы жүлделердің саны жағынан қысқы Азиада ойындарда рекорд көрсетіп, бірінші жалпы командалық орынға ие болды. Жалпы, біздің құраманың қоржынында 70 жүлде, оның ішінде 21 күміс және 17 қола медаль болды.

 

2012 жылғы 1 желтоқсан. Тұңғыш Президент Күні

2012 жылы қыстың алғашқы күні Қазақстан тұрғындары үшін тағы бір мереке күні болды. Осы жылдан бастап 1 желтоқсан елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні ретінде аталып өтуде. 2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының парламент сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР заңына толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Республика алдындағы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша үлесін атап өту және мойындау мақсатында бекітілді. Мереке күнін таңдаудың тарихи алғышарты мен негізін 1991 жылы 1 желтоқсандағы оқиға болған себеп - тұңғыш жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР президенті постына сайланды.  Ол 88,2% дауыс берген сайлаушылардың 98,7% дауысымен жеңіп шықты.

 

2015 жылғы 5 маусым. Премия МУЗ-ТВ 2015. «Гравитация»

«Астана Арена» стадионында 2015 жылы 13-рет «Гравитация» атауымен өткізілген танымал музыка саласындағы «Премия МУЗ-ТВ» ұлттық телевизиялық премия өткізілді.

Алғаш рет «Премия МУЗ-ТВ» Ресейден тыс Қазақстанның астанасы Астана қаласында өтті.

Іс-шараны өткізу үшін ұйымдастырушылар ең үлкен алаң «Астана Арена» стадионын таңдады "МУЗ-ТВ" арнасының Бас директоры мен «Премии МУЗ-ТВ» директоры Арман Дәулетияров: «Осы жылдар ішінде «Премии МУЗ-ТВ» салтанаты үлкен деңгейдегі және ауқымдағы іс-шараға айналды, оны Ресейде ғана емес, бірақ және одан тыс жерлерде де көруі қажет. Қазақстан кездейсоқ таңдалған жоқ, бұл біздің бастамамыз, өйткені «МУЗ-ТВ» телеарнасын онда көп жылдар бойында жақсы көріп, қарап келеді. Бұл рәсімді Астанада өткізу  екі бауырлас халықтарымыз арасындағы мәдени - іскерлік қарым-қатынасты нығайтудағы тағы бір қадам» деді.

 

 
«Спорт - өмір»

Стадион, ең алдымен футболға бағдарланған, бірақ басқа да спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға оңай бейімделуі мүмкін. Көлемі 232 485 ш. м. қамтиды эллиптикалық жоба инновациялық технологияның барлық принциптерінен тұрады.

Стадионда жыл сайын футболдан Қазақстан кубогы, Қазақстан Супер кубогының ұтыс ойындары, халықаралық матчтар мен республикалық маңызы бар матчтар, Әлем Чемпионатының, Еуропа Чемпионатының іріктеу матчтары, УЕФА және УЕФА Еуропа Лигасының іріктеу матчтары және топтық кезеңдері, футболдан Қазақстан Чемпионатының ішкі матчтары өтеді.

«Астана Арена» - елордалық «Астана» футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының стадионы болып табылады.

ФК "Астана"

20.10
17:00

ФК "Оқжетпес"

ФК "Астана"

25.10
17:00

ФК "Оқжетпес"

ФК "Астана"

28.10
17:00

ФК "Қайрат"