08.14 , 12:30 | 1157 рет қаралды
САЯН ХАМИТЖАНОВ: «БІЗ ЮРМАЛАЛЫҚ «СПАРТАКПЕН» БОЛАТЫН МАТЧТАРДА ҚАРСЫЛАСТЫҢ ЖЕТЕ БАҒАЛАМАУЫНА МҮМКІНДІК БЕРМЕЙМІЗ»

Қазақстандық футболдың флагманы «Астана» өз тарихында үшінші рет ең беделді еуропалық клубтық турнир – УЕФА чемпиондар Лигасы ойындарына қатысады.  

Команданың еуротурнирге дайын болуы жайлы, қарсыластың екінші біліктілік раундқа деңгейі жайлы, жасалған және мүмкін болатын сатып алулары жайлы Sports.kz республикалық интернет-портал тілшісі клубтың бас менеджері Саян Хамитжановпен сұқбаттасты.

— Саян Жақсыгелдіұлы12 шілдеде «Астана» өзінің үшінші лигалық чемпиондық маусымына кіредіКоманда алдында қандай міндеттер тұр және астаналық клуб қаншалықты еуропалық одиссеяға дайын деуге болады?
— «Астана» Қазақстан жанкүйерлерін амбициялық мақсаттар қоюға үйреткен, сондықтан біз өз наным-сенімдерімізден айнымаймыз және еурокубоктарда өз алдымызға күрделі міндеттер қоямыз – Еуропа Лигасы немесе Чемпиондар Лигасы – еуротурнирдің топтық кезеңіне өту. Бұл міндеттеме өте күрделі, сізге белгілі болғандай, УЕФА шектеуліктеріне байланысты «Астананың» трансферлік нарықта ойыншыларды сатып алуға мүмкіндігі жоқ, бірақ, соған қарамастан, біз қатарынан үшінші рет Қазақстанға еурокубоктардың топтамалық кезеңінің ұмытылмас атмосферасын сыйлауға бар күшімізді саламыз.
— «Астананың» қаржылық «Fair play» аясындағы шектеулерін УЕФА келесі маусымға да созған ба?
— Бұл мәселеде оң жаңалықтар бар – УЕФА директиваларына сәйкес біз  2016/2017 жылдың маусымы үшін барлық талаптарын орындадық. Клуб үнемі жағдай монитрингі бойынша жұмыс жүргізеді, клубты қаржыландырудың құрылымына өзгерістер ендірілген, және енді негізгі демеушіден – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – алынатын қаржылар, соның ішінде «демеушілік көмек» бабы бойынша түседі, өйткені УЕФА талаптары клубтың шығындарына емес, оның табыстарына қойылады. Шектеуліктерді созу жайлы әзірше соңғы шешім қабылданған жоқ, бірақ, біздің Еуропалық футбол ассоциациялары одағына барлық қажет құжаттарды тапсырғанымызға қарамастан,  ағымдағы санкцияларды алып тастау болған жоқ. Шешім қабылдау үшін УЕФА-ға тағы бірнеше уақыт қажет екені белгілі. Біз, өз кезегімізде, осы мәселелер бойынша УЕФА-мен қарым-қатынас жағынан тәжірибесі бар бүкіл әлемге танымалы консалтингтік компанияға жүгіндік. Әділдік жеңеді және біздің клубымыз өз трансферлік стратегиясын шексіз жүзеге асырып, күшееді деген үміттенеміз.

— Мамандар қыста келген клубтың барлық жаңа ойыншыларының сәйкес екендіктерін айтып жатыр. Іріктелім жасауда, «Астана» ойыншыларды жалгерлікке немесе еркін агенттер ретінде алуға мүмкіндік берген УЕФА ұйымы аясында әрекет жасай отырып, қалай қателеспедіңіздер? Мәселен, «Ақтөбе» маусым басында мәлімдеген барлық жаңа ойыншыларын дерлік клубтан жіберді… 
— Іріктеу саясаты – соншалық нәзік те маңызды шаруа. Біз ойыншыларды мейлінше ұзақ «зерттейміз», қызықтыратын футболшылар жөнінде материалдар жинаймыз. Ақпарат жинай отырып, жаттықтырушылар штабымен ұдайы кеңесіп отырамыз, техникалық-тактикалық көрсеткіштерін талдаймыз. Мүмкіндігінше әлеуетті жаңа ойыншылардың жеке және моральдық қасиеттері жайлы ақпаратты анықтаймыз, еліміздің ерекшелігін ескере отырып, бейімделу кезеңінің мерзімі мен сәттілігіне болжам жасаймыз. Жалпы, жолдары көп. Дегенмен, көпшілік факторларды ескергеннің өзінде,  жаңадан келгендердің біреулерінің «сәйкес келуі» мүмкін – осындай болжам бар. Бұл футбол – барлығы да болады, соған қарамастан, біз әрқашан тәуекелді азайтуға тырысамыз.

— «Астана» Джордже Деспотович пен Асхат Тағыбергеннің жалгерлігін қайтарды. Бұл ойыншылардың «Тобыл» үшін ойын көрсете жүріп, өздерінің «Астанада» ойнау құқығын дәлелдей алды дегенді білдіреді ме?
— Солай деуге де болады. Джордже, мәселен, аз уақыттың ішінде қостанайлықтардың көшбасшыларының біріне және жергілікті жұртшылықтың сүйіктісіне айналды. Біз Деспотовичтің «Астанаға» оралуғысы келетін үлкен ықыласын көрдік және ол жазға қарай керемет қалыпта болды. Оның шабуыл желісіндегі бәсекелестікті күшейтетіндігіне сенімдіміз. Өкінішке орай, Асхат «Тобылда» ойнап жүргенде жарақат алып қалды, дегенмен қостанайлықтар құрамында болғанда өзін көрсете білді.
— «Астананың» жаңа мүшелері – венгр Ласло Кляйнхайслер, оған қоса Асхат Тағыбергеннің оралуы – бұл Маевский — Граховац байланысы тамаша әрекет ететін орталық жолақтың толықтырылуы. Бұл Рохер Каньяс енді «Астанаға қажет емес деген сөз бе?

— Рохер – білікті футболшы, «Астана» үшін көп еңбек етті, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы топтық сатыларға командамен екі рет өтті, ол клубымызбен біргебарлық ықтимал олжаларды – үш чемпиондық атақты, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды, ол клубымыздағы жеңістерге тойған. Рохер мансабына жаңа шақыру, жаңа уәж, жаңа бағыт қажет.  Каньяс жалгерліктен оралды, қазіргі уақытта командамен жаттғыр жүр, бәрақ басқа клубта қатысуын жалғастырып келеді.


— Чемпиондар Лигасының алдында тағы да күшейту болады ма? 
— Біз осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Күшейтуді қажет ететін да позициялар бар. Дегенмен, әзірше біздің ойыншыларды еркін трансфер бойынша немесе жалгерлік келісім жасауға ғана қол қойып жатқанымызды есте сақтаған жөн. Жалпы да, біздің трансферлік мүмкіншілігімізді бағалай отырып, өкінішке орай, өзіміздің ішкі шығындарымызды оңтайлау есебінен қаржы табуға талпына отырып, бюджеттің шектеулілік жағдайында әрекет ететініміз деуге болады.

— Еурокубоктардың екінші біліктілік раундында жеребелер «Астананы» Юрмала қ. «Спатагымен»» шығарды. Жеребелерді сіз қалай бағалайсыз? «Астананың» жолы болды ма?

— Әңгіме Чемпиондар лигасы жайлы болғанда болы болуышылық жайлы сөз болмау керек. Балтық жағалау елдерінің командалары – ол әрқашан тәртіп, реттілік және жан-тәнімен берілу. Латвиялық клубтар – нағыз еурокубокдың сарбаздары, «Спартак» Юрмаладан болса да – жас клуб, соған қарамастан – ол ел чемпионы. Біз қарсыластарымызға


— Еурокубоктардың алдында чемпионатта тағы бірнеше ойын бар, «Астана» жаңа ойыншыларды құрамда «төселту» үшін мәлімдеуге үлгереді ме?

— Біз осының бәріне күш саламыз, клуб атынан жағымды шешім жайлы жариялағым келеді – 6 шілдеде, Астана күніне «Астана» – !Қайсар» ойынына кіру тегін болады! Біздің қызылордалықтармен болатын ойынымыз қалалық мерекелік іс-шаралар тізіміне қосылатын болады, қалалықтар мен көптеген қала қонақтары, сонымен қатар, ЕХРО-2017 дүниежүзілік көрмесіне келген шетелдік азаматтар «Астана аренаға» келеді деп үміттенеміз! Ал біз, өз тарапымыздан, көрермендерге футбол мерекесін сыйлауға тырысамыз!

— Саян Жақсыгелдіұлы, еурокубоктарда астаналық команда жанкүйерлері нені күтеді? Сіздің клубыңыз қатарынан үшінші рет еуротурнирлердің бірінде топтық сатыға шыға алады ма?

— Біздің клуб соңғы жылдар бойында өзінің талаптарын өзгеріс түрде жоғары қоюда, дегенмен, барлығы Жаратқанның қолында, біздің еурокубоктардың топтық сатысына өз еңбегімізбен қатысуға лайықты екенімізді тек Сол ғана анықтайтынын түсінгеніміз жөн.

Өзгеде жаңалықтар