12.08 , 15:36 | 529 рет қаралды
Ярослав Шилхавы: «Біздің қақпағымызға соғылған голды есептегендеріне өте таңғалдым»

«Спарт» бапкері өткен жекпе-жектің қалай өткені туралы көзқарасын мачтан соңғы пресс-конференцияда былай деді 
— менің ойымша, бірінші таймда екі командада байқап ойнады, тек біздің қақпаға қателіктен соғылған голдан басқа, гол салатын мүмкіндіктері болған жоқ. Үзілістен соң біздің ойыншылардың бірнеше мүмкіндіктері болған еді, бірақ олар оны пайдалана алаған жоқ, сондықтан қарсыластарымыз есепті ұстап қалды және ендігі күресті еурокубокта жалғастырады.

— екінші таймда жақсы ойнады дейсіз. неліктен допты бір-біріне беруде көптеген қателер жіберілді? Гол әкеліп соқтырған, Лаштувкидің қателігін қалай түсінуге болады?

— Біздің ойынымыз екінші таймда жақсы өтті. Алаңның тегіс болмағаны, берілген доптардың дәлсіздігіне әкеліп соқты. Бізде өте жақсы мүмкіндіктеріміз болды.

Ал қателіктер мен голға қатысты айтатын болсақ – шынында, онда не болғаны есімде жоқ. төреші офсайдты айқындады, сонан соң, төрешілер келісті де голды есептеді. мен оған өте таңғалдым.

 
 
 
 
 
 

 

Өзгеде жаңалықтар