11.28 , 17:39 | 658 рет қаралды
«Астана» - «Вильярреал» кездесуі маусымдағы ең көп көрермен жиналған ойын!

Еуропа Лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясындаөткен«Астана» - «Вильярреал»арасындағы кездесугересми мәліметтер бойынша29800 жанкүйер жиналған.

Бұл матч 2017 жылғы Қазақстандағы футбол матчтарына жанкүйерлер жиналуы бойынша жаңа рекорд ретінде тіркелді.

Ал екінші ең көп жанкүйер жинаған кездесу Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында «Астана» - «Легия» (Польша) арасындағы ойынға тиесілі. Аталмыш кездесуді көруге «Астана Аренаға» 26 100 адам жиналған еді.

Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өткен «Астана» - «Спартак» (Латвия)  арасындағы кездесу  осы көрсеткіш бойынша үшінші орында. Бұл матчқа 20 500 көрермен жиналған.

Премьер-лигада ең көп көрермен жиналған матч «Қайрат» - «Астана» арасындағы кездесу болды. Ол ойынды тамашалауға 19 000 адам жиналды. 

www.fca.kz

 

Өзгеде жаңалықтар