11.27 , 13:28 | 727 рет қаралды
Юрий Перцух: «Бәсекелестіктен қорықпаймын»

Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы «Астана» футбол клубымен келісімшартқа қол қойып, алдағы маусымда елордалық команда намысын қорғайтын болады.

Төрт дүркін Қазақстан чемпиондары сапынан ұсыныстың қалай болғандығын 21 жастағы жартылай қорғаушы клубымыздың баспасөз қызметіне айтып берді:

- Маған «Астана» футбол клубының өкілдері хабарласып, клуб тарапынан қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеген болатын. Шынын айтсам, көп ойланбастан соңғы жылдарда еурокубоктарда ел намысын қорғап жүрген, ел чемпионатының көшбасшысы сапына қосылуға шешім қабылдадым.

- «Астана» сияқты команда сапында бәсекелестіктің жоғары екендігін білесің, ойын тәжірибесінен айрылып қаламын деп қорықпайсың ба?

- Мен бәсекелестіктен қорықпаймын. Барлығы менің жаттығу жұмыстарындағы дайындығым мен тікелей өзіме байланысты.  

- Бұл сенің еңбек жолыңдағы «Астана» жейдесіндегі жаңа белес. Не күтесің?

- Мен өзімнің деңгейімді бапкерлер құрамына дәлелдеп, негізгі құрамда өнер көрсету үшін барымды саламын. Және де барынша өз ойынымды дамытып, командаға көмегімді көрсеткім келеді. 

www.fca.kz

Өзгеде жаңалықтар