11.17 , 12:11 | 1567 рет қаралды
Владислав Прокопенко – КПЛ 2017 ең жас ойыншысы

«Астана» үшін маусым жалғасады, Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында екі ойын жүргізу күтілуде, бірақ астаналық футболшылар үшін чемпионат аяқталды, нақты айтқанда өте жағымды нотада - Станимир Стойлов жетекшілік ететін команда төрт жыл қатарынан алтын медаль иегері атанды.

Осы маусымда Қазақстанның төрт дүркін чемпиондарының жаттықтырушылық штабы ойынға жас футболшыларды көбірек тартты, сондықтан да КПЛ аясында алаңға шыққан ең жас футболшылардың «Астана» ойыншылары болғандығы таңырқарлық жай емес.

Сөз астаналық футбол орталығының тәрбиеленушісі Владислав Прокопенко жайында болмақ. Форвард оған 16 жас, 11 ай, 25 күн болғанда «Астана» - «Оқжетпес» ойынында (3:0) ойыншыны ауыстыруға шықты.

Осы көрсеткіш бойынша үштікте тағы бір ойыншы бар, ол – жартылай қорғаушы Мәди Жақыпбаев. Жас астаналық негізгі құрам үшін ең ерте дебют бойынша клуб пен чемпионат рекордын орнатып, бұрынғы маусымда дебют жасаған. Осы маусымда да КПЛ аясында Мәди 11 қазанда «Шахтер» алаңында болған ойында ғана алаңға шықты. Ол кезде Жақыпбаев 17 жастан 6 ай 20 күн асқан еді.

КПЛ ең жас ойыншыларының ондығына «Астананың» тағы екі ойыншысы енді. Талғат Кусяповтың жасы 18-ден 8 ай 8 күн асқанда «Ордабасымен» болған ойында алаңға ойыншыны ауыстыруға шықты, ал Геворг Наджарян бірінші турда 19 жастан 2 ай 2 күн асқанда ойнады.        

 

Өзгеде жаңалықтар