10.23 , 15:02 | 680 рет қаралды
Екіде екі – төрт

Кеше Қазақстанның астанасында «Астана» және Тель-Авивтен келген «Маккаби» командаларының арасында өткен матч футболға қандай да бір деңгейде қатысы бар көпшілік үшін күтпеген нәтижемен аяқталды. Сары жейде киген екі африкалық ойыншы «Астана Аренаның» жасанды алаңында Израильдан келген қонақтарға нағыз табиғи ойран салды.

 

Әрине, өткен кеште Предград Райковичтың қақпасының алдындағы алапат шайқасқа қазақстандықтар да белсенді қатысты. Мысалы, Дмитрий Шомко екі рет гол соғатын сәт туғызды, бұдан басқа, оның айыппұл алаңынан ұрған соққысынан кейін Жақын Шығыстан келген қонақтар 11 метрлік айыппұлға ие болды, бұл болса бәрінің бастамасы болып, бірінші голдың соғылуына алғышарт жасады деуге болады, Абзал Бейсебеков Жуниор Кабананганы бірінші голды соғуға шығарып салды. Осы бейсенбі күні алаңға шыққан әрбір футболист біздің жеңімпаз команданың кезекті жеңісіне айқын үлесін қосқандығын атап өту қажет. Десе де, израильдық команданың ойсырай жеңілуінде басты рөлді Гана және Конго Демократиялық Республикаларының футболшылары сомдады – мұны теріске шығара алмаймыз.

 


Кеше Израиль футболында тұмшаланған қара күн болды. Израильдың Еуропа Лигасындағы екінші өкілі - «Хапоэль» өз алаңында «Стяуа» командасынан ұтылды. «Астана» болса қарсыласы тель-авилық «Маккабидың» түгін қалдырмады деуге болады, израильдық бұл команда шын мәнінде өз жанкүйерлерінің көңілін әбден қалдырды.

 

Өз командасын оңды-солды араластырып, Йорди Кройф қарсыласы Станимир Стоиловқа барынша қиындық тудыруға тырысып бақты, бірақ ақыр соңында ол бір ғана кері нәтижеге қол жеткізді – өз шәкіртттерінің арасындағы бір-бірін толықтай түсінбеушілік.


Жасампаздық жағына келетін болса, бұл тұста «Маккаби», жұмсартып айтқанда, түсініксіз жағдайда болды. Тель-Авивтың қорғаушылары турбо режимін қосқан Патрик Твумаси мен Жуниор Кабананганың соңына ілесе алмай қалды.

 

Бұл ойын біздің жеңімпаз командамыз үшін еурокубок текетірестерінде бірінші болып гол соғудың маңыздылығын тағы бір көрсетіп өткен сияқты. Бірінші голдан кейін «Астананы» тоқтату мүмкін емес еді... Осы сәтте жуырда болған «Славияға» қарсы ойынды еріксіз еске түсіресің, ол ойында қарсыластар ойынның 18 минутында өзіміздің айыппұл алаңынан бізге доп «сыйлаған» болатын. «Маккабида» мұндай мүмкіндік болған жоқ. Бұған бір себеп – Марин Аничичтың қатарға қайта қосылуы сол еді, барлық саңылаулар бітеліп, барлық тесіктер жамалып қалды.

Жалпы алғанда, сонау Израильдан келген қарсыласты тізе бүктіру үшін «Астанаға» таза 20 минут ойын жеткілікті болды – ақ киініп шыққан «сарылардың» қақпасына жол тартқан төрт доп матчтың 33 минутынан 52 минутқа дейінгі уақыт аралығын қамтыды. Бұған дейінгі ойын жай ғана жаттығу, дайындық болды.

Айқын болғаны - ойынның барысы анықталды, енді жексенбі Шымкентте алаңға шығу қалды.

Израилдықтар Қазақстанда тым болмағанда бір гол соғудың орнына, өздерінің ішкі фронттағы мәселелері туралы ойлап кетті ме деген сезім туды.

Тоқ етерін айтқанда, қарсыластардың әрқайсысы қалай ойнаса, нәтижесі де солай болды. Жеңіске де кімнің көп ұмтылғандығы анық болды. Кейбіреулерге бұл жеңіс оңай болып көрінуі мүмкін, тек Станимир Стоилов пен оның ойыншылары ғана бұл жеңістің оларға қандай қиыншылықпен келгендігін біледі.

 

Қазақстан футболының шежіресін «Астана» тағы бір жарқын бетпен толтырды. Енді еурокубоктың топтық кезеңдерінде ірі жеңістерге жету біз үшін қолжетімсіз болып көрінбейді. Енді жаңа жетістіктерге қол созатын уақытта келген сияқты.

 

Күтеміз. Үміттенеміз. Сенеміз.


 

www.sports.kz

 

Өзгеде жаңалықтар