10.19 , 11:32 | 525 рет қаралды
«Астана М» командасы «Оқжетпес М» командасынан ұтымды озып түсті

Екінші лиганың соңғы турларының шеңберінде «Астана» өз үйінде көкшетаулық «Оқжетпестің» екінші нұсқасын қабылдады.


Осы кезеңде бұл матч үйде өтетін ең соңғы ойын екендігін есепке ала отырып, дубль команданың жақсы футбол көрсетіп, жеңістерін тойлауға деген ынталары зор болды.

 

Бірінші минуттардан-ақ Василий Маруняктың шәкірттері бастаманы өз қолдарына алып, қарсыластың қорғанысын жоспарлы түрде шайқалта бастады. Нәтижесі көп күттірген жоқ. Бірінші таймның ортасында бірінші гол көкшетаулықтардың қақпасынан орын алды. Айыппұл соққысын орындаған Сұлтан Сағынаев бұл голдың иесі атанды.

 

Екінші таймда астаналықтар басымдықтарын арттыра түсті. Саян Мұқанов допты айыппұл алаңына бағыттаған сәтте, Владислав Прокопенко сол жерден дер кезінде табылып, қарсыластың қақпашысын ұтып кетті, нәтиже 2:0.

Бұл кезеңді «Астана» командасы «Атырауға» қарсы матчпен аяқтайды.

 


https://www.sports.kz/news/astana-m-uverenno-pereigrala-okjetpes-

 

Өзгеде жаңалықтар