10.19 , 11:32 | 528 рет қаралды
Премьер-Лиганың «Астана» — «Ертіс» командаларының арасындағы ойынға шолу

«Астана» — «Ертіс» 2:1 (0:1)
Гол: Родриго 41 (0:1), Муртазаев 52 (1:1), Твумаси пенальти
дан 64 (2:1).

Үздік ойыншыларға сай ойын көрсете білетін «Астананың» ойыншылары матчтың бірінші минуттарынан-ақ бастаманы өз қолдарына алды, ал павлодарлықтар болса жылдам қарсы шабуылға үміттерін артып, екінші нөмірлі ойыншыларға сай ойын көрсетті.

Және екі рет мұндай әдіс Вячеслав Грозныйдың шәкірттеріне дивиденд әкеле жаздады, бірақ павлодарлықтар бұл мүмкіндіктерін пайдала алмады, екі рет те қарсыластарға тойтарысты «Астананың» ойыншысы Ненад Эрич берді.

Десе де, бірінші таймның ортасында есеп ашылды, Карлос Фонсека допты айыппұл алаңына лақтырып, онда Родриго допты қағып алып, «Астананың» қақпасына қарай жіберіп қалады. Бұдан ертеде мұндай мүмкіндік Патрик Твумасида болған болатын, бірақ ол қақпаға допты жеткізе алмады.

Екінші тайм Марин Томасовты Роман Муртазаевқа ауыстырудан басталады және бұл ауысым нәтижелі болғандығын атап өту қажет. Екінші таймның ең басында Игорь Шитовтың допты беруімен Муртазаев баспен ұру арқылы допты қарсыластың қақпасынан бір-ақ шығырады.

«Астана» екінші тайм барысында «Ертістің» қақпасының маңында өз қысымын үдете түседі. Нәтижесінде пенальтиға жол ашылады. Пенальтиды орындауға Патрик Твумаси шығады, Нәтиже 2:1. Осылайша, астаналықтар турнирлік кестеде «Қайраттан» 4 балл алда келеді.


https://www.sports.kz/news/otchet-o-matche-premer-ligi-astana-irtyish-2-1

 

Өзгеде жаңалықтар