09.29 , 17:56 | 800 рет қаралды
Станимир Стоилов: «Біз «Астананың» мықты еуропалық команда екендігін дәлелдедік»

Еуропа Лигасының топтық кезеңінің екінші турының «Астана» - «Славия» матчынан кейін астаналық команданың бас жаттықтырушысы Станимир Стойловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті:

- Менің қазіргі сәтте екітүрлі сезімде отырмын. Бір жағынан, мен жеңе алмағандығымызға көңілім толмай отыр, екінші жағынан, команданың бар ынтасымен, тілегімен, жүрегімен ойнап, үйде өткен матчтарды жеңіліссіз ойнау сериясын ұзартқандығына қуанып отырмын. Өкінішке орай, жақсы сәттерді пйадалана алмадық, шабуылда креатив жетіспеді. Сонымен қатар, команданы қосалқы ойыншылар есебінен күшейту мүмкіндігі болмады, мұндай деңгей үшін бұл болмайтын жағдай.

- Марин Аничин не себептен ойын алаңында болмады?

- Аничин кеше кешке аяғының ауырып тұрғандығына шағымданды, сол себептен бүгін ол ойнай алмады. Біз матчта Шитовты пайдаланамыз деп жопарламаған едік, бірақ Игорь соңғы үш күн бойы жаттықпағандығына және Копенгагеннен ұшып келгендігіне қарамастан, ойнай алатындығын айтты, ол алаңға шығып, ерлерше шайқасты. Біздің командада осындай ойыншылардың болғандығы қандай жақсы.

- Матчтың алдында Сіз «Славия» командасының екінші қабатта өте қауіпті болатындығын есепке алдыңыз ба?

- Біз бұл жөнінде дайындық кезінде сөйлескен болатынбыз және стандарттар «Славияның» негізгі қаруының бірі екендігін білдік. Бізде де бойшаң ойыншылар бар, бірақ гол өтіп кеткен сәтте біздің ойыншы өз аумағында бар күшін салып ойнай алмады. Мұндай деңгейде ойнағанда сені жазалайтын сәттер көп болады. Бірақ біз бүгін «Астананың» мықты еуропалық команда екендігін дәлелдедік.

- Патрик Твумасидың ойынын қалай бағалайсыз, ол әдеттегіден гөрі кемдеу ойнаған сияқты болып көрінді?

- Патриктың ойын ойнау тілегі мен амбициясы жеткілісіз деңгейде болды. Оның көрсеткен ойыны Еуропа Лигасы сияқты деңгейде сәтті ойнау үшін жеткіліксіз.

- Трибунадан қарағанда команда мүшелерінің көпшілігінің ойын ойнау ықылыстары төмен болған сияқты көрінді?

- Мен мұнымен келіспейтін, керісінше көпшілігінің ықыластары тым шектен шығып кетті, сондықтан біз басында ойынды тыныштыра алмадық.

 

Өзгеде жаңалықтар