09.29 , 17:55 | 690 рет қаралды
Ярослав Шилгавы: «Астана» екінші таймда жақсы ойын көрсетті»

«Астана» - «Славия» матчынан кейін прагалық команданың бас жаттықтырушысы Ярослав Шилгавының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

- Біз ойынның қиын болатындығын және «Астананың» бізге салмақты проблемалар туғызатындығын білдік. Матчтың басында біз жақсы ойнадық және көбірек гол соғу мүмкіндіктеріміз болды. Екінші таймда «Астана» бізге қысым көрсетті, бірақ біз төтеп бере алдық.

- «Астананың» топтан шығу мүмкіндіктерін қалай бағалар едіңіз?

- Біз жақсы қарсыласпен ойын көрсету барысында топта маңызды ұпай алдық... Әрине, қазіргі сәтте «Вильярреал» - біздің топтың фавориті, бірақ біз өзіміз де әрі қарай шығу үшін бар күшімізді саламыз.

- Екінші таймда «Астана» «Славияға» қарағанда жақсырақ ойнады. Бұл тең ойын Сіздерді қанағаттандырғандығын білдіре ме?

- Шынын айту керек, «Астана» екінші таймда жақсырақ ойнады, бірақ біз ойынның бірінші жартысында жақсы ойнадық.

- Қазақстандағы ойын атмосферасы Сізге қалай көрінді?

 - «Астананың» стадионы жақсы. Жанкүйерлер тарабынан қолдау мықты болды. Олар қазақстандық клубка жақсы көмек көрсетті.

- Мигел Данни неліктен ойында болған жоқ?

- Ол зақым алғандығына байланысты, біз тәуекелге бармауды ұйғардық.

Өзгеде жаңалықтар