09.29 , 17:52 | 704 рет қаралды
«Астана» — «Славия» 1:1. Тең ойын — жеңіс емес

«Астана» командасы Еуропа Лигасының топтық матчында чехиялық «Славиямен» — 1:1есебімен тең ойын көрсетті.

 

 

Чехиялық команданың құрамында бірқатар мықты ойыншылардың болғандығына қарамастан, көпшілік Қазақстанның чемпиондары оларды жеңуге міндетті деп есептеген болатын, әйтпесе топтан шығудың басқа мүмкіндігінің болуы екіталай еді.

 

Қазақстан чемпионының ойын көрсеткен бұл құрамасында әртүрлі себептер бойынша Марин Аничич, Срджан Граховац және Ласло Кляйнхайслер сияқты ойыншылар өнер көрсеткен жоқ, қақпашының орнын Ненад Эрич басты.

Матчтың бірінші минуттары үлкен жылдамдықпен өткендігіне қарамастан, аса қызықты болмады. Қонақтар допты өз иеліктеріне алып, бастаманы біртіндеп өз қолдарына алды. Ойынның оныншы минутында Серікжан Мужиков алыстан келіп Пржемысл Коваржды тексеріп көрді, бірақ ол ойыншы қауіптің алдын алды. Бұдан соң ойын қарсы курста өтті. Қонақтармен орындалған айыппұл соққысы Майкл Нгадеу-Нгаджуидың допты дәл ұруымен аяқталады, есеп 0:1. Бұдан соң бірден Патрик Твумасидың айыппұл алаңынан допты соғып қалып еді, бірақ қақпашы оған тойтарыс береді. Бұдан әрі «Славияның» ойыншысы Ян Сикор соққан доп қақпаның каркасын сілкіндіріп өтеді, кейін бұл әрекетті Мирослав Стох қайталайды. Твумаси тағы да қайталап айыппұл алаңынан допыт қақпаға жіберуге талпыныс жасайды, бірақ бұл әрекеті жүзеге аспай қалады. Дмитрий Шомконың чехиялықтардың айыппұл алаңына допты бағыттауы және Марин Томасовтың допты соғуы қақпаның жанынан өте шығады. Ойынның бірінші жартысының соңына қарай қазақстандықтар допты өз бақылауларына алады, бұл жақсы нәтиже беріп, Жуниор Кабанангидың алыстан соққан добы және Марин Томасовтың допты бұдан әрі қақпаға теуіп қалуы есепті теңестіреді - 1:1

Екінші таймды да қонақтар белсенді ойыннан бастайды, олар бастаманы өз қолдарына алуға тырысып бағады, алайда бұл жолы бұл әрекеттері жүзеге аспайды. Қонақтардың айыппұл алаңдарына допты соққанан кейін Иван Маевский бар пәрменімен допты теуіп қалады, алайда қорғаныс дер кезінде келіп қалады. «Астана» барынша белсенді ойын көрсетіп, екінші гол жасауға тырысып бағады. Бұл қысымнан чехиялық клубтың ойыншылары ережені бұза бастайды, ал бапкері ойыншыларды ауыстыра бастайды. Қонақтар контратакаларда әрекет жасап қалуға тырысады, және осындай бір сәттен Сикора гол жасауға таяп қалады, бірақ Эрич өз тарапынан керемет сейв жасайды. Өкінішке орай, бұл сәтте Стоиловтың қосалқылар сауытынан шабуылды күшейте түсетін ойыншылар табылмады, нәтижесінде ол соңғы он минутта ғана ойыншылар ауысымын жасайды, ал алаңға шыққан Роман Муртазаев пен Асхат Тағыберген тиісті нәтиеже әкеле алмады.


19 қазан күні «Астана» өз алаңында израильдық «Маккаби» Тель-Авив командасын қабылдайды.

 


«Астана» (Астана, Қазақстан) — «Славия» (Прага, Чехия) 1:1 (1:1) 
Гол:
 Нгадеу-Нгаджуи 18 (0:1), Томасов 42 (1:1)
Ескертулер: Мужиков 27, Постников 82 — Югас 32, Боржил 39, Соболь 63
«Астана»: Эрич, Шитов, Мужиков (Тагыберген 87), Томасов (Муртазаев 82), Бейсебеков, Маевский, Твумаси, Логвиненко, Кабананга, Постников, Шомко
«Славия»: Коварж, Соболь, Югас, Сикора (ван Бурен 87), Змргал (Громада 62), Нгадеу-Нгаджуи, Стох, Боржил, Дели, Нецид (Шкода 72), Ротань
Бас судья: Андреас Экберг (Швеция)
28 қыркүйек. Астана. «Астана Арена». 
 

Гол: 1 — 1
Қақпаның шекарасына тиген соққы8 — 3
Жанынан өткен соққылар: 2 — 11
Блок қойылды3 — 0
Штангылар мен маңдайшалар: 0 — 2
Бұрыш соққылары: 5 — 10
Офсайдтар: 3 — 4
Допты иелену53% — 47%Д

Допты берудің дәлдігі : 78% — 73%
Пастар: 445 — 355
Допты дәл беру: 347 — 258
Сары карточкалар: 2 — 3
Фолдар: 13 — 11.  


https://www.sports.kz/news/astana-slaviya-1-1-nichya-ne-pobeda

 

Өзгеде жаңалықтар