09.25 , 12:48 | 808 рет қаралды
Ұзақ күткен жеңіс

«Астана-м» - «Ертіс-м» 8:0 (2:0)

 

Гол: Прокопенко (Каримов), Жақыпбаев (Махан), Жақыпбаев (Махан), Прокопенко (Каримов), Каримов (Жақыпбаев), Прокопенко (Каримов), Каримов (Скворцов),Скворцов (Жақыпбаев)

         «Астана-м» командасы кезекті турдың шеңберінде өз алаңында «Ертіс» ойыншыларын қабылдады және ұзақ күттірген жеңіске жетті.

Астаналықтар бірінші минуттан бастап бастаманы өз қолдарына алып, алға қарай ұмтылды. Нәтижесінде кездесудің бірінші жартысында қарсыластың қақпасына екі гол соғады. Владислав Прокопенко мен Мәди Жақыпбаев бұл сәтте ерекше көзге түседі.

Екінші таймда астаналық футболшылар өзінің қысымын арттыра түседі. Руслан Маханның допты тебуімен, Мәди Жақыпбаев есепті 3:0 қылады.

Прокопенконың дубль жасау мүмкіндігі болған еді, алайда оның соққысы штангына тиеді, осыған қарамастан Владислав екі мәрте соққысын қақпаға өткізеді. Алдымен Рамзан Каримов айыппұл добын алып, оны өз корпусымен жауып қалып, кейін допты Прокопенкоға қарай бағыттайды, ол өз кезегінде допты қақпаға қарай жіберіп қалады. Кейінірек ол хет-трик жасайды.

Владиславтың екі голының арасында Рамзан Каримов қарсыластың қақпасына допты төтесінен жібереді.

Матчқа нүктені Лев Скворцов қояды, ол қақпашымен жекпе-жекке шығып, оны ұтады.

Мұндай ірі, ең бастысы көп күттірген жеңістен кейін Василий Маруняктың шәкірттері көшпелі турнеге шығады, бірінші мат Қызылорда қаласында келесі аптада өтетін болады.

        


 

www.fca.kz

 

Өзгеде жаңалықтар