09.25 , 12:47 | 795 рет қаралды
Премьер-Лиганың 2:0 есебімен аяқталған «Астана» — «Тараз» матчына шолу

«Астана» — «Тараз» 2:0 (1:0)
Гол:
 Твумаси 20 (1:0), Постников 26 (2:0). 

«Астана» Еуропа Лигасында өтетін ойындардың қарсаңында Премьер-Лиганың шеңберінде «Тараз» командасымен ойын өткізді.

 

Ойынның бірінші минуттарында алаң иелері суық ауа-райына қарамастан басым күшпен алға қарай ұмтылды және бесінші минутта Патрик Твумаси қорғаушының жаңылысын аңдып тұрып, қақпашымен жекпе-жек шығып, голкипердің дәл өзіне доппен соққы жасады. 
Бірақ сонда да Твумаси голды соқты. Абзал Бейсекеев қорғаушыдан допты алып қойып, оны Патрикке қарай жіберіп қалды, ол өз кезегінде бұл мүмкіндікті қалт жібермеді, есеп 1:0.

 

Сәл кейінірек екінші доп та қақпаға барып кірді. Патрик Твумаси бұрыштан допты айыппұл алаңына шығарып, онда Евгений Постников допты қақпаға барып соқты. 
 

Есеп 2:0 болған кезде де астаналықтар шабуылдарын бәсеңдетпеді, Твумаси мен Томасовтың да гол соғу мүмкіндіктері болды, алайда екі рет те доп қақпадан жоғары ұшты. 
 

Ойынның екінші жартысы ұқсас сценарий бойынша өтті, «Астана» командасы есепті өсіру үшін алғай қарай ұмтылса, «Тараз» бар күшімен қорғанып бақты.

 

Жақсы мүмкіндік Твумасиде болды, бірақ доп қақпадан асып барып түсті. 
Ойынның соңғы минуттарында есеп 3:0 жетуі мүмкін еді. Асхат Тағыберген алыстан соққан добы штангыға барып тиеді, Кабананга тағы бір мүмкіндік жасап көреді, бірақ Бабаханов тағы да өз командасына көмекке келеді.


 

www.sports.kz

www.fca.kz

 

Өзгеде жаңалықтар