09.20 , 17:54 | 874 рет қаралды
«Астана» - «Тараз» кездесуінің билеттері сатылымда

Қазақстан Премьер-Лигасының 28-ші туры аясында 23 қыркүйек, 15:00-де «Астана Арена» стадионында «Астана» - «Тараз» командалары арасындағы кездесудің билеттері Ticketon.kz сайтында онлайн жүйеде сатылымға шықты.

Ойын билеттерін Ticketon.kz сайтынан бөлек, еліміздің ең танымал сайттары (nur.kzzakon.kzjam.kzafisha.kzyvision.kz және т.б.), Қазақстан қалаларының ең ірі сауда және ойын-сауық орталықтарындағы көптеген бөлімдерінде («Астана билеттері» және басқа да), Qiwi және Kassa24 терминалдары арқылы сатып алуға болады. 

Осы ойынға билеттерді қолма-қол ақшаға «Керуен», «Мега», «Сарыарқа», «Хан Шатыр», т.б. қаламыздағы барлық ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында орналасқан «Астана Билеттері» кассаларынан сатып алуға болады. 

Аталмыш матчқа билет құны 200-2000 теңге аралығында белгіленіп, арнайы санаттарға бөлінген. 

7 жасқа дейінгі балалар стадионға тегін кіре алады. Студенттер мен оқушыларға 50% жеңілдік қарастырылған. Зейнеткерлерге (Зейнеткер куәлігін көрсеткен жағдайда) стадионға кіру тегін. Стадионның W1 секторы зейнет жасындағы адамдарға ыңғайлы болу үшін арнайы бөлінген. 

Билеттерді сатып алу бойынша «Тикетон» компаниясының байланыс телефондары: 8 7172 4763 50, 8 777733 53 53. 

Айта кетейік, «Астана» және «Тараз» командалары арасындағы кездесуден бөлек, Еуропа Лигасы топтық кезеңінің екінші туры аясында өтетін «Астана» - «Славия» (Чехия) арасындағы ойын билеттері де сатылымда. 

Fca.kz

Өзгеде жаңалықтар