09.20 , 14:03 | 1017 рет қаралды
Astana Marathon 2017 қалай өтті?

Бүгін Астанада «Astana Marathon 2017» қайырымдылық марафоны аяқталды. Биыл елорда көшелерімен жүгіріп өтуге әлемнің 19 мемлекетінен 4,5 мың адам ниет танытқан. Марафон қалай өтті? Қатысушылардың көңіл-күйлері қандай болғаны  Астана әкімдігінің медиа орталық тілшілерінің репортажында. 

ЭКСПО алдындағы алаңға марафонға қатысушылар таңмен таласа жиналды. Осы жолы 4,5 мың адам қатысады деп күтілді. Спортшылар үш қашықтық бойынша сынға түсті: 42,2 км, 21,1 және 10 шақырымға жүгірді. Жарыс алдында біреулер денелерін шынықтырып жатса, енді бірі сэлфи жасап әлек болды. 

Ұйымдастырушылардың сөзінше, ең жас қатысушы – 16 жаста, ал жасы үлкен қатысушы – 80-гі қария болды. 13жастағы астаналық Салтанат Түйтебаев мұндай шараларға жиі қатысып тұрады. Тіпті еуропалық  марафондардажеңіске жеткен. Оның бүгінгі мақсаты – өзінің нәтижесін барынша жақсарту. Кезекті атақты ол ИспанияныңМалагасында алуға тырысады. Тәжірибелі желаяқ елімізде осындай марафондардың өтіп жатқаны қуантатынынайтады. – Қараңыздаршы, қанша адам жиналды! Бұл тамаша! Әлі есемді алғашқы марафон 3 жыл бұрын өтіп, оған бар-жоғы 700 адам қатысқан болатын. Мен жүгірулерге белсенді қатысып тұрамын. Жылдан-жылға қатысушылар саныкөбейіп келе жатқаны қуантады», - дейді қария.   

Ең ұзақ қашықтық – 42 шақырымға жүгіру таңертең 7:00-де басталды. Алғаш рет биыл марафонға кениялық белгіліжелаяқтар  Саймони Кипругут Кируй және Генри Кипсанг қатысты. Бұл марафонның сапасы мен мәртебесінасқақтатуға мүмкіндік берді, дейді ұйымдастырушылар. Оңтүстік африкалық жүгірушілер қашықтықтарды бірінші болып бағындырды. 

42 шақырым қашықтыққа жүлде қоры – 800 мың теңге және әлемнің кез-келген жеріне әуе билеті берілді. Жалпы көптеген марафоншылар бастысы  - жеңіс емес, қатысу, ұмытылмас сезім,дейді. Олар сол үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келгені ақиқат. 

Өзгеде жаңалықтар