09.07 , 0:19 | 314 рет қаралды
«Астана» - «Атырау» матчына билет ал да, керемет сыйлықтарға ие бол!

Астаналықтар мен астана қонақтарының назарына! 9-қыркүйек күні «Астана Арена» стадионының Шығыс трибунасының көрермендері үшін ғана «Астана-Атырау» матчына дейін және ойын арасындағы үзіліс уақытында астаналық клубтың атынан тамаша сыйлықтарға ұтыс ойыны өтеді.

Еуропа Лигасының топтық кезеңінің матчтарына арнайы тігілген клубтың шаңырақ бейнеленген сары түсті танымал ойын жейделері, жаңа топтамадағы шарфтар, сондай-ақ Adidas маркасының KRASAVA бірегей доптары ұтысқа түседі! Матчқа келіңіздер, футболды тамашалап, сыйлықтарды ұтып алыңыздар!

         Сонымен, 9 қыркүйек ,сағат 17:00, «Астана Арена» стадионы, «Астана» - «Атырау» матчы. Ертерек келіңіздер!

«Астана» - «Атырау» матчына билетті он-лайн режимінде мына жерден сатып ала аласыздар.

 

 

Fca.kz

Өзгеде жаңалықтар

ФК "Астана"

23.11
22:00

ФК "Вильярреал"