10.11 , 9:54 | 292 рет қаралды
29 турдың үздік голы: «тағы да Ақтөбе»

29 турдың үздік голы: «тағы да Ақтөбе»

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма тоғызыншы турының

үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысын жариялады.

 

Өткен турда 14 гол соғылды. Оның екеуі пенальтиден, ал біреуі - автогол. Сауалнама Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі  @pflkaz парақшасында өтті. 

 

«Ақтөбе» қорғаушысы Саят Жұмағали соққан голы турдың үздігі атанды. Оның голы 1387 дауыс жинады. 

 

Үздік үштік келесідей:

1. Саят Жұмағали голы (Ақтөбе – Астана) – 1387 дауыс;

2. Абдель Ламанж голы (Қайсар - Атырау) – 229 дауыс;

3. Тимур Досмағамбетов голы (Ордабасы - Қайрат) – 222 дауыс.

 

Саят Жұмағали қазан айының үздік голы сауалнамасына қатысады.

 

Есіңізге сала кетсек, 27 турдың үздік голы деп, «Ақтөбе» ФК сапында ойнайтын сербтік легионер Саша Марьяновичтың голы танылған еді. Сонда Ақтөбе фанаттары соншама басып жасып жүр ма?

Қалай болса да, осындай белсендік қуанышты және үлгі аларлық жайт.

 

Өзгеде жаңалықтар