10.08 , 16:18 | 408 рет қаралды
Жас чемпиондарымыз Астана Аренада

2018 жылғы 7 қазанда «Астана-Арена» стадионында Жасөспірімдердің аула лигасы-2018 спартакиадасының қорытындысы өтті. Шараны Астана қалалық «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырды. Спартакиадаға Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, футбол ардагелері және Астана қаласының балалар аула командаларының  жас футболшылары қатысты.  Аталған шара саламатты өмір салтын насихаттау, тұрғындар арасында бұқаралық спортты және дене шынықтыруды дамыту мақсатында өткізілді.

 

 «Осындай іс-шаралар елордамызда дәстүрлі түрде өтуі тиіс. Футбол – ең беделді спорт түрі, оның жанкүйерлері өте көп. Әрі денсаулыққа пайдалы. Осы орайда аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалына алғыс айтамын» – деді Ақан Зейнолла, «Олимпионник әлеуметтік қоры» ашық қоры.

Жүлделі орындар алған жеңімпаздар алғыс хаттар мен кубоктармен марапатталды.

 

Өзгеде жаңалықтар