10.04 , 9:20 | 409 рет қаралды
«Астана» сапынан 10 ойыншы Қазақстан құрамасына шақырту алды

Қазақстан ұлттық құрамасы қазан айында Латвия және Андорра құрамаларына қарсы екі кездесу өткізеді.

Қазақстандықтардың бас бапкері Станимир Стоилов аталмыш кездесуге елорда командасы сапынан он ойыншыны шақыртты: қақпашы: Ненад Эрич, қорғаушылар: Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, жартылай қорғаушылар: Бактиер Зайнутдинов, Серікжан Мужиков, және екі шабуылшы – Роман Муртазаев пен Алексей Щеткин. 

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасы аясында 13 қазан күні Ригада Латвияға қарсы ойнаса, 16 қазан күні «Астана Аренада» Андорраны қабылдайды. Қазақстан-Андорра арасындағы кездесу 20:00-ге жоспарланған.

www.fca.kz

Фото: www.kff.kz

Өзгеде жаңалықтар