08.14 , 12:53 | 809 рет қаралды
«АСТАНА» ҮШІНШІ РАУНДТА ӨТТІ

2017 жылғы 18 шілдеде УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» және «Спартак» футбол командалары арасында матч өтті. «Астана» Латвияда өткен алғашқы матчта 1:0 есебімен жеңген болатын. Енді өз алаңында қабылдауда.

Ойынның бірінші таймы гол соғуға мүмкіндік болғанмен, оны «астаналықтар» жүзеге асыра алмады. Джуниор Кабананга берілген айып добын қақпадан сырт кетті.     Игорь Шитовтың да добы қақпаға түспеді.

Екінші тайм басталысымен «Астана» алға ұмтылды. Иван Маевский мен Жуниор Кабананганың алыстан тепкен соққысына Евгений Неругал тойтарыс жасай білді. 59 минутта Патрика Твумаси гол соғып, есеп ашты. Алайда араға 13 минут салып қонақтар таразы басын теңестірді. Эдгар Варданян 72-ші минутта гол соғып, командасын жеңілістен аман сақтап қалды.  Келесі кезеңге шығу үшін «Астана» командасына тең түсу жеткілікті, ал «Спартакқа» гол соғу керек еді.

Осылайша, елордалық ұжым қос кездесудің қорытындысы бойынша келесі айналымға өтті. Үшінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астанаға» польшалық «Легиямен» жолдама үшін таласады.

Өзгеде жаңалықтар