10.01 , 10:15 | 341 рет қаралды
Астана» ойыншылары «Жетісуға» қарсы кездесуге Сағи Советті қолдау үшін арнайы жейде киіп шықты

Премьер-Лиганың 28-ші турының«Астана» - «Жетісу» арасындағы ойынына, елорда ойыншылары командалас әріпстестері Сағи Советке қолдау білдіру үшін арнайы жейде киіп шықты.

18 жастағы қорғаушы Екінші Лига аясындағы ойында өте ауыр жарақат алып (оң жақ аяқтың төменгі екі сүйегінің сынуы), артынша травматология ғылыми-зерттеу институтында оған операция жасалған болатын.

Сағидың қалыпқа келіп, қатарға қосылуына ұзақ уақыт кетеді. Дегенмен, команда құрамындағы жасы үлкен әріптестері жас ойыншаға қолдау білдіргенді жөн көрді!

Сағың сынбасын, Сағи! Тез жазыл!

www.fca.kz

Өзгеде жаңалықтар