09.25 , 10:27 | 1076 рет қаралды
«Астана» - «Ренн» (Франция) кездесуінің билеттері сатылымға шықты

қала қонақтары! Осы маусымның ең маңызды ойындарының бірі – УЕФА Еуропа Лигасы топтық кезеңінің«Астана» - «Ренн» (Франция)арасындағы кездесуінің билеттері он-лайн сатылымға шықты!

Ойынның ең арзан билетінің құны – 1500 теңге, бұл 5-ші санат (бұрыштық секторларда орналасқан)

Қақпа артындағы билет құны – 2 000 теңге (4-ші санат). 

3-ші санаттағы билет құны – 3 000 теңге, 2-ші санат – 5 000 теңге және ең үздік орындарға билеттер – 7 500 теңге (1-ші санат).

Ойын билеттері www.ticketon.kz сайтында және Астана қаласындағы «Marwin» / «Меломан» дүкендер желілерінде он-лайн сатылымда.

Егер сіз билеттерді кассалардан сатып алуға әдеттенген болсаңыз, «Астана-Арена» стадионы кассалық паркінің жұмыс режимі туралы хабарлаймыз:

29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында 14:00 мен 20:00 арасында жұмыс жасайтын болады.

Ал ойын күні, яғни 4 қазан түскі 14:00 мен 22:00 аралығында.

«Астана» Еуропа Лигасы топтық кезеңінің алғашқы ойынында, Украинаның үздік клубтарының бірі киевтік «Динамоға» қарсы өткізген кездесуде маңызды ұпайға қол жеткізе алды. Осы ойыннан кейін, «Астана» - «Ренн» (Франция) арасындағы екінші тур ойынына қызығушылық артып тұр. Ең жоғары еуропалық деңгейдегі футболға – ең жақсы орындарды сатып алуға асығыңыз!

Еске сала кетейік, УЕФА Еуропа Лигасы топтық кезеңінің екінші туры аясындағы «Астана» - «Ренн» (Франция) арасындағы матч 4 қазан, бейсенбі күнге жоспарланған. Ойын еліміздегі ең үздік «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталуы 20:50-де.

www.fca.kz

Өзгеде жаңалықтар