09.24 , 11:04 | 242 рет қаралды
Григорий Бабаян: «Алғашқы таймда біздің ойынымыз еш сынға шыда алмас»

«Ақжайық» - «Астана» арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін елорда командасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Григорий Бабаянның қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Команданың екі гол соққанына қарамастан, алғашқы таймдағы қорғаныста көрсеткен ойынымыз ешқандай сынауды қажет етпейтінді, өте нашар болды. Біз қарсыласқа көп мүмкіндік беріп қойдық. Біз өзіміздің ойын кестеміздің өте күрделі екендігін жақсы білеміз. Небәрі, үш күн бұрын Киевте ойын өткіздік. Дегенмен, біз дәл осындай режимде төрт жылдан бері ойнап келе жатырмыз. Біз кәсіпқоймыз, ал бұл біздің жұмысымыз. Біз егер чемпион атанғымыз келсе, алаңға басқаша дайындықпен шығуға тиіспіз. Команда сапындағы ойыншылар дәл мұндай режимге дайын болмаса, оларға «Астана» сапында орын жоқ екендігін нақты түсінулері тиіс. Үзіліс кезінде біз жігіттермен өте маңызды әңгіме өрбіттік. Ал екінші таймда команда жақсы ойнай бастады. Біз ойынның басынан бастап-ақ осылай ойнауға тиіс едік. Бұл біз үшін өте маңызды үш ұпай. Сондықтан, барша жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын.

 

www.fca.kz

Өзгеде жаңалықтар