09.19 , 11:42 | 281 рет қаралды
"Астана" Киев қаласына аттанды

 

            Бүгін «Астана» футболшылары және жаттықтырушылар штабы  Киевке ұшып, Еуропа лигасының топтық кезеңі шеңберінде  «Динамоға»  қарсы  ойнайтын болады.

Команда Украинаның бас қаласына келесі құрамда аттанды: қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов, қорғаушылар: Марин Аничич, Юрий Логвиненко, Антонио Рукавина, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, жартылай қорғаушылар: Ласло Кляйнхайслер, Иван Маевский, Бактиер Зайнутдинов, Ричард Алмейда, Педро Энрике, Марин Томасов, Серикжан Мужиков, Султан Сагнаев, шабуылдаушылар: Алексей Щеткин, Джуниор Кабананга, Рангело Янга, Роман Муртазаев және Владислав Прокопенко.

Еске саламыз,  матч  20-шы  қыркүйек  күні  Астана  уақытымен  сағат 23:00-де басталады. Матчтың эфирін көру Казспорт телеканалында жоспарлануда.

           

            Әуежайға  астаналық команданы «12 ойыншы» фан-клубының    жанкүйерлері  келіп, қиын матчта командаға сәттілік тіледі.

Өзгеде жаңалықтар