09.19 , 11:33 | 275 рет қаралды
Германия – Қазақстан кездесуінің төрешісі «Динамо» - «Астана» арасындағы ойында қызмет жасайды

Астана 20 қыркүйек күні Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы алғашқы кездесуін киевтік Динамоға қарсы өткізеді.

Бұл кездесуге Халис Озкахья бастаған төрешілер құрамы төрелік ететін болады.

38 жастағы маман 2013 жылы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Гемания – Қазақстан арасындағы кездесуде қызмет жасаған болатын. Ойын 4:1 есебімен немістердің пайдасына аяқталған еді. Түркиялық төреші осы маусымда Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Легия» (Польша)- «Дюделанж» (Люксембург) арасындағы ойында қызмет жасап үлгерді. Ол ойында Озкахья үш сары қағаз көрсетіп, алаң иелеріне жеңіс сыйлаған бір пенальти белгіледі.

Озкахьяға отандастары Джейхун Сесигузэль мен Хакан Емишкен көмектеседі. Ойынның қосалқы төрешілері: Палабуйик пен Алпер Улусой. Резервтегі төреші: Эрсой Керем. 

Еске сала кетейік, «Динамо» - «Астана» арасындағы ойын 20 қыркүйек күні Астана уақытымен 22:55-те басталады. Ойынды Қазспорт телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

 

www.fca.kz

Өзгеде жаңалықтар