09.17 , 11:24 | 345 рет қаралды
«Жұлдызай-2018» қатысушылары «Астана» - «Қайсар» ойынын тамашалады

Астанада 17-19 қыркүйек аралығында ерекше балаларға арналған «Жұлдызай» республикалық спартакиадасы өтеді.

Жарыстар бес спорт түрінде - мини-футбол, голбол, жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі және ұлттық ойындарда - асық ату және бес тас ойыны түрлері бойынша өткізіледі.

Іріктеу турлары Қазақстанның 16 қаласында өтіп, жарыстың іріктеу кезеңіне 3000-нан астам спортшы қатысқан. Қорытынды бөлімге 411 бала өтті.

Осы финалдық кезеңге жолдама алған спортшылар Премьер-Лига аясындағы «Астана» - «Қайсар» ойынын тамашалады.

www.fca.kz

Өзгеде жаңалықтар