09.17 , 11:22 | 285 рет қаралды
СТАНИМИР СТОИЛОВ: «ЕҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕ - ШАБУЫЛДЫ ТҮЙІНДЕЙ АЛМАУ»

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Андоррамен өткен ойынды қорытындылады.

- Өкінішке қарай, бүгін біз күткен нәтиже болмады. Тоқсан минут бойы гол соғу үшін ойнадық. Шабуыл шебінде мәселе көп. Екі ойында бір гол соқтық.

- Оң нәтижеге жету үшін не кедергі болды?

- Ойын соңында қателік жіберіп, қақпаға гол өткізіп алдық. Ең негізгі мәселе - шабуылды түйіндей алмау.

www.kff.kz

Өзгеде жаңалықтар