09.10 , 12:53 | 342 рет қаралды
АНДОРРА - ҚАЗАҚСТАН МАТЧЫНА ИСЛАНДИЯЛЫҚ ТӨРЕШІЛЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Исландиядан келген төрешілер тобын УЕФА Ұлттар Лигасының матчында қызмет атқармақ.

33 жастағы Вильяльмюр Тораринссон бас төреші болып тағайыедалды. Оның қапталдағы көмекшілері Йоханн Гудмундссон және Биркир Сигурдарсон.

Бас төрешінің қақпа артындағы көмекшілері - Тороддюр Хьялталин және Ивар-Орри Кристьянссон. Қосалқы төреші: Фрости-Видар Гуннарссон.

УЕФА Ұлттар Лигасындағы Андорра-Қазақстан матчы 10 қыркүйектен 11 қыркүйекке қараған түні елорда уақытымен 00:45-те басталады. "Qazsport" телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетпек.

www.kff.kz

Өзгеде жаңалықтар