09.10 , 12:45 | 267 рет қаралды
Жанкүйерлер Эричті тамыз айының үздігі деп таныды

Қалыптасқан дәстүрге орай, «Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер тамыз айының үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады. 

Команда тамыз айында 7 ойын өткізсе, оның бесеуін еурокубоктер аясында өткерді. Бұл кездесулерде команда 2 жеңіске жетсе, екі ойын тең аяқталып, үш ойында жеңіліс тапты.

Жанкүйерлер назарына  «Астана» сапында тамыз айында алаңда ең көп уақыт өткізген он ойыншы ұсынылды. Сауалнама қорытындысы бойынша елорда командасының капитаны Ненад Эрич (бес мыңнан астам дауыс жинап) үздік атанды. «Астана» қақпашысы тамыз айының соңғы кездесуінде кипрлік АПОЭЛге қарсы кездесуде ойын соңындағы пенальти сериясында ерекше ойынымен көзге түсті. Оған қоса, Эрич Данияда «Мидтьюлландқа» қарсы «құрғақ» матч өткізген еді.

Екінші орында жартылай қорғаушы Ласло Кляйнхайслер. Венгриялық ойыншы тамыз айында өте жақсы ойынымен көзге түсті.

Үздік үштікті Педро Энрике қорытындылады. Бразилиялық жартылай қорғаушы Кипр чемпионына қарсы кездесудегі жалғыз голдың авторы атанған еді.

Үздік бестік:

1.Ненад Эрич 74,87% 
2.Ласло Кляйнхайслер 7,45% 
3.Педро Энрике 4,96% 
4.Марин Томасов 4,27% 
5.Дмитрий Шомко 3,4% 
Дауыс беруге 7 594 адам қатысты.

www.fca.kz

Өзгеде жаңалықтар