09.06 , 12:06 | 305 рет қаралды
БАКТИЕР ЗАЙНУТДИНОВ: «ЕРТЕҢГІ ОЙЫНҒА ЖҮЗ ПАЙЫЗ ДАЙЫНБЫЗ»

УЕФА Ұлттар Лигасының алғашқы ойыны - Қазақстан мен Грузия матчының қарсаңында Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов журналистердің сауалына жауап берді.

- Жауапты ойынға команда қандай дайындықпен келді? 

- Команданың физикалық дайындығы жоғары. Ең бастысы ешқандай жарақат жоқ. Ертеңгі ойынға жүз пайыз дайынбыз

- Дайындық қалай жүріп жатыр?

- Апта бойы жаттығу жүргіздік. Соңғы жылдары сол жақ қорғаушы позициясында ойнадым. Мен үшін ең бастысы - ойын тәжірибесі. 

- Әртүрлі позицияда ойнадыңыз. Қай позиция қолайлы?

- Орталық аймақта ойнаған қолайлы. Алайда, ең маңыздысы - жақсы ойын көрсету. 

- Ойын тәжірибесінің аздығы немен байланысты?

- Бәсекелестік деңгейі жоғары. Алаңда ең мықты футболшылар ғана ойнайды. Сол себепті мен басқа ойыншыларға кейбір сәттерде есе жіберемін. Үйренуге тырысамын. 

www.kff.kz

Өзгеде жаңалықтар