08.14 , 12:45 | 925 рет қаралды
«АСТАНА» ЖЕҢДІ «ҚАЙСАР»

«Астана» — «Қайсар» 2:0 (1:0)
Гол
дары: Твумаси 14 (1:0), Логвиненко 70 (2:0).
Ескертулері: Мулдаров Алексей 68.
«Астана»: Мокин Александр, Аничич Марин, Маевский Иван, Твумаси Патрик, Кабананга Джуниор, Кляйнхайслер Ласло (Деспотович Джордже 74), Шомко Дмитрий (к), Логвиненко Юрий, Бейсебеков Абзал, Мужиков Серикжан, Муртазаев Роман (Граховац Срджан 67),
Резерв: Эрич Ненад, Шитов Игорь, Жакипбаев Мади, Прокопенко Владислав, Жалмукан Дидар, Постников Евгений, Сагнаев Султан.
«Қайсар»: Григоренко Александр, Граф Иван, Камара Джон Банколе, Курьор Матиас, Бойович Милан (Алтынбеков Елжас 58), Амирсеитов Ильяс (Чуреев Валентин 85), Байжанов Максат (к), Кукеев Жамбыл (Сахалбаев Руслан 69), Мулдаров Алексей, Нарзилдаев Думан, Жахаев Айбол,
Резерв: Исламкулов Марсель, Аржанов Володимир, Ламанж Абдель Азиз, Евстигнеев Дмитрий, Коробкин Валерий, Балтаев Алдан.
Төрешілер: Игорь Алешин (Павлодар), Илашбек Орунбаев (Шымкент), Нурлан Джаспенов (Алматы) Қосымша ассистенттер: Алексей Бобров (Қарағанды), Иван Филатов (Сарань). Резервтік төреші: Арман Исмуратов (Астана).
шілде, 2017, 18:30. Астана қ., «Астана Арена» стадионы. 7000 көрермен.

Премьер-Лиганың 19-туры аясында «Астана» өз алаңында қызылордалық «Қайсанды» қабылдады.

 

Алаң иелерінің турнирлік жағдайы мен мәртебесіне орай астаналықтар бұл ойында сүйіктілер ретінде қарастырылды, және бұл дәрежені Станимир Стойловтың қамқорлығындағылар, алғашқы минуттан-ақ шабуылға шығып, ақтап шықты.

 

Сонымен қатар, астана күнінде жанкүйерлерді екі тосынсый күтіп тұрды – «Астана» «шаңырақ» бейнесінің көмегімен стильденген жаңа киімде және де Иван Маевскиймен қоса алаң ортасынан орын алған команданың жаңа ойыншысы венгерлік Ласло Кляйнхайслер өзінің бірінші ойынына шықты.

Дәл осы Ласлоға «Қайсар» қақпасының алдында алғашқы қауіп тудыруға жазыпты, венгер бірінші флангпен қорғаушыны алдап өтіп, допты жақын бұрышқа қарай тепті, Григоренко допты кері қайтарды, дегенмен траектория бойынша доп қақпаға қарай беттеді, тек Иван Граф қана оны бұрышқа қарай бұрып үлгерді.

Бұдан әрі тіпті шиеленісе түсті, Патрик Твумасиде жағдай болды, бірақ доптың алдынан тағы да Александр Григоренко шықты. Кляйнхайслер допты туралап тепті, әйтсе де қақпашы тағы да өз командасының абыройын қорғап шықты. Дегенмен, 14-ші минутта есеп ашылды. Қорғаушы өзінің айып алаңында кідіріп қалды, сол сәтті, допты тартып алуға кірісіп,  Абзал Бейсебеков пайдаланып қалды, ойын снаряды керемет соққымен допты алыс  бұрыштағы «Қайсар» қақпасына дәлдеп тепкен Патрик Твумасиге ұшты.

 

Есепке қарамастан, «Астана» шабуылдауды жалғастыра берді, әйтсе де астаналық футболшылар бірінші таймда басқа гол сала алмады.

 

Алғашқы доп қарсыластар қақпасына 63-ші минутта енді. Патрик Твумаси допты Джуниор Кабанангаға бос қақпаға домалатты, бірақ төреші оны «ойыннан тыс» жағдайына санады. Дегенмен доп Григоренконың қақпасына кірді. 71-минутта Патрик Твумаси айып добын қақпаға әуелете бағыттады, одан әрі доп ең ширақ қорғаушы Юрий Логвиненконың допты баспен ұруымен қақпаға бет алды.

 

Қорыта келгенде 2:0 есебімен «Астана» сенімді жеңіске қол жеткізді, онысымен астаналық футболшылар қала күніне орай барлық жанкүйерлерге жеңіс түрінде сыйлық тарту етті. Станимир Стойлов қамқорлығындағылар келесі ойынын Чемпиондар Лигасы біліктілігінде Юрмала қаласында, Латвияның «Спартак» клубымен өткізеді.

www.sports.kz

Өзгеде жаңалықтар