06.11 , 10:08 | 345 рет қаралды
Қазақстан – Әзірбайжан: 3:0 есебімен ұтты

Қазақстан құрамасы Әзірбайжан футбол командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

 

Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары сегіз рет кездесу өткізіп, ұпай сандарымен тең түскен болатын.  Дегенмен көптеген қазақстандықтар алаң иелерін жеңімпаз деп санайды. Өйткені, олар өз алаңында ойын көрсетті және команда бапкері Станимир Стоиловқа деген сенім күшті.  

Қазақстан құрамасы қақпаға Ненад Эрич тұрса, орталық қорғаушылар Сергей Малый мен Евгений Постников, шабуылшы Алексей Щеткин құрамында ойын көрсетті. Алаң иелері ойын басталысымен белсенділік танытып, шабуылға көшті. Нәтижесінде ойынның 12 минутында Бауыржан Исламханның төбеден асыра берген добын Роман Муртазаев басымен қақпаға енгізді, гол – 1:0. Бір минуттан соң Роман Муртазаевтың төмендете берген айып добын Серікжан Мужиков алып, қорғаушыдан алып өтіп, қақпаға соқты. Есеп 2:0. Бұдан соң әзірбайжандықтар алға ұмтылып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Бірақ қазақстандықтардың қорғанысы берік болып, тойтара білді.  Бірінші тайм 2:0 есебімен аяқталды.

Үзілістен кейінде алаң иелері шабуылды тойтармай, қысымда ұстады. Ал, қарсыластардың командасында ойыншылар алмаса бастады. Соңына ала қазақстандықтар да ойыншы алмастырды. Алаңға  Гафуржан Суюмбаев мен Георгий Жуков шықты. Әзірбайжан құрамасы гол соғуға қанша тырысса да, мүмкін болмады. Қазақстандықтардың есеп арттыруға мүмкіндіктері болғанымен, оны жүзеге асыратын мықты шабуылшы болмады.  Екі бапкер де ойыншы алмастыра бастады. Қонақтар, тіпті, түгел құрамды ауыстырды десе де болады. Бұдан түк өзгеріс болмады. Ойынның 90 минутында Зайнутдинов үшінші голдың авторы атанды.  Алаң иелерінің әу баста ұстанған тактикасы жүзеге асып, жеңіске жетті.   

Қазақстан келесі матчын 6 қыркүйекте Ұлттар лигасы аясында Грузия командасымен Астана қаласында өткізеді.

Қазақстан-Әзірбайжан 3:0 (2:0) 
Голдар: 
Муртазаев 12 (1:0), Мужиков 13 (2:0), Зайнутдинов 90 (3:0)
Ескерту: Тунгышбаев 47, Халилзаде 35
Қазақстан: Эрич, Шомко (Суюмбаев 52), Малый, Постников, Бейсебеков, Куат (Логвиненко 70), Мужиков (Зайнутдинов 63), Исламхан (Ворогвоский 90), Муртазаев, Тунгышбаев (Жуков 52), Щеткин (Турысбек 81)
Әзірбайжан: Агаев, Гараев, Абышов (Шейдаев 73), Медведев, Гурбанов (Аббасов 46), Халилзаде, Гусейнов (Имамвердиев 63), Абдуллаев (Алескеров 63), Назаров (Диниев 46), Гурбанов (Шейдаев 72), Мадатов
Бас төреші: Александр Тян (Молдова) 
5 маусым. Астана. «Астана Арена» 22 500 көрермен. 

Өзгеде жаңалықтар