06.05 , 9:38 | 395 рет қаралды
Қазақстан U-21 — Әзербайжан U-21 1:1 (0:1) 

Қазақстан U-21 — Әзербайжан U-21 1:1 (0:1) 
 

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Әзербайжаннан жастар құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп тең түсті. 

 

Букмекерлердің болжамынша аталған кездесуде Талғат Байсуфиновтің шәкірттері жеңіске жетеді деп болжанған. Бұл тек қана болжам ғана, күштіні тек қана алаң анықтайды. Алаңға құрамында Дидар Жалмұқан, Юрий Перцух сынды футболшылар бар кілең мықтылар шықты.

Ойын бір қалыпты сарында, сылбыр басталды. Қазақстандықтар біртіндеп допқа иелік ете бастады. Алғашқы қауіпті сәтті қонақтар ұйымдастырды. Тимурбек Закиров берген айып добын Эхтирам Шахбердиев баспен соғып, қақпаға бағыттады. Бірақ, доп қақпадан қиыс кетті. Сәл кейінірек әзербайжандықтардың бұрыштама соққысы, қақпаның бағанасына тиді.    

Исмаил Ибрагимли қашықтықтан гол соққысы келгенмен, онысы іске аспады. Нәтижесінде, Закиров қателік жіберіп алды. Сертан Ташкынның қашықтықтан берген добы еш қауіп тудырмады да, бірақ «Қызылжар» СК қақпашысы қақпаны қорғап қала алмады. Есеп 1:0. Бұдан соң жерлестеріміздің қимылы ширай бастады. Бапкер команда ойыншыларын ауыстырды. Алаңға шыққан Олег Чепрасов бірінші минутта-ақ гол соғуға мүмкіндік алды. Бірақ, оның соққысын қарсыластар тойтара білді.    

Ходжамов оң жақтан өтіп, орталыққа айып добын соқты, өз кезегінде Антипов допты қақпадан өрлете жіберді. Бұрыштама добын Персух қақпаға енгізе алмады. Төбеден асырып берген допқа Айбол Әбікен жете алмады.  Чепрасов белсенді ойын көрсетіп, қауіпті сәттер ұйымдастыра білсе де, командаластары қолдай алмады. Ойынның соңына қарай қарсыластар шабуылды үдете түсті. Олар айып добын Сұлтан Әбілғазыға жіберіп алды.  Қазақстан жастар құрамасы қатарынан «Қайрат» ойыншысы Айбол Әбікен пенальтиден гол соқты. Есеп 1:1. Ойын тең түсті.

 

Голдар: Ташкын 34 (0:1), Әбікен (1:1)

Қазақстан U-21 U-21: Закиров, Қалмұратов, Жалмұқан (Чепрасов 46), Антипов (Оралбай 77), Ходжамов (Алимбаев 59), Джуматов, Әбікен, Шамши (Шадманов 46), Перцух, Сұлтанов, Тұрсынбай (Әбілғазы 46)

Әзербайжан U-21: Ибрагимов, Ташкын (Булудов 61), Мустафазаде, Кривоцюк, Алыев, Гаджиев (Сеидов 90+2), Ибрагимли, Азизов (Мурадов 61), Кекчю (Дадашов 67), Набиев (Мурадбейли 58), Шахвердиев (Махмудов 77)

Естеріңізге салсақ, ерең дәл осы «Астана Аренада» Қазақстан құрамасы мен Әжербайжан құрамасы арасында жолдастық кездесу өтеді. 

 

Өзгеде жаңалықтар