08.14 , 12:43 | 942 рет қаралды
«30 SECONDS TO MARS» РОК ТОБЫ АСТАНАДА

2017 жылғы 2 шілдеде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында «Астана Арена» стадионында «30 Seconds To Mars» рок тобының концерті өтті.

«30 Seconds To Mars» – Лос-Анжелестен шыққан рок тобы. Олар альтернативті рок орындайды. Ағайынды Джаред пен Шенон Летолар 1998 жылы топтың негізін қалаған.

Топтың негізгі әншсі –  Джаред Лето. Ол «Оскар», «Алтын глобус» және т.б. көптеген сыйлықтардың иегері

«30 Seconds to Mars» әлемге әйгілі және көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген топ. Концерт барысында олар репертуарларындағы танымал әндерін орындады. Жанкүйерлерімен бірге шырқады. Джаред Лето кейбір әндерін биске орындады.

Сондай-ақ Джаред Лето концерт кезінде сахнада тұрып, отандастарын  «АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен» құттықтады және қазақстандықтарға Америкаға: «Сәлем, Америка!», «Туған күніңмен, Америка!» – деп сәлем жолдауын өтінді.
 

Өзгеде жаңалықтар