05.03 , 14:51 | 507 рет қаралды
"Достық" Спорткомбинатының ұжымы "Достық шеруі" велошеруіне қатысты

1 мамыр мерекесіне қатысушыларды тіркеуге үлгеру үшін, біздің ұжым Бәйтерек монументіне сағат 11:00-де жиналды. Мұндай спорттық іс-шара Астана қаласының 20 жылдық мерекесімен және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығымен тұспа-тұс келгені қуантып отыр. Астана қаласының Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы ұсынған   ақпаратқа сүйенсек аталған веложарыс маусым айында қайта өтуі мүмкін. Бұл аталған жарысқа қатысуға ниет білдірген тұрғындардың көптігіне байланысты. Бұл елімізде велоспорттың дамып келе жатқандығының бір көрінісі. Сондай-ақ, ауа-райы мен уақытпен санайспай, қалада өтетін барлық іс-шараларға белсене қатысатын біздің ұжымның белсенді қатысушыларына үлкен алғыс пен құрмет! 
 

Өзгеде жаңалықтар