05.03 , 11:04 | 524 рет қаралды
«Астана» өз алаңындағы «Тобылға» қарсы кездесулердегі 10-шы жеңісіне қол жеткізді

 

«Астана» Премьер-Лига ойындарының 7-ші туры аясында қостанайлық «Тобылмен» кездесіп, 1:0 есебімен басым түсті.

Бұл жеңіс астаналықтардың қостанайлықтарға қарсы өз алаңындағы 10-шы жеңісі ретінде тіркелді.

Сонымен бірге, Астана «Тобылға» қарсы үйде өткізген кездесулерде ешқашан жеңілмеген, 12 ойында 10 рет жеңіп, екі рет (2010 және 2012 жылдары) тең түскен.

Екі команда өзара жалпы 24 рет кездескен. Астаналықтар осы ойындардың 14 жеңіске жетсе, 6 ойын тең аяталып, 4 рет «Тобыл» командасы басым түскен. Доп айырмасы 38:20.

Тағы бір қызық факт, Патрик Твумаси «Тобыл» қақпасына өзінің үшінші голын соқты. Қостанайлық команда қақпасына ганалық ойыншыдан көп гол соққан екі ғана футболшы бар. Оның бірі Фокси Кетевоама (5 гол) және екіншісі қазір «Тобыл» сапында өнер көрсететін Таңат Нөсербаев (4 гол).

 

www.fca.kz

Өзгеде жаңалықтар