04.25 , 12:19 | 620 рет қаралды
Ресейдің танымал спорт журналистері тәжірибелерімен бөлісті

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті Қазмедиа медиа мектебінің базасында ресейлік белгілі спорт журналистері мен коментаторларының қатысуымен семинар өткізді.   

Екі күнге созылған семинарда спорт саласындағы БАҚ қызметкерлері спорт ұйымдарындағы маркетинг пен баспасөз-қызметінің жұмысына байланысты тәжірибелерімен бөліссе, Игорь Рабинер («Спорт-Экспресс» газетінің шолушысы, спорт туралы көптеген кітаптардың авторы), Александр Кузьмак (спорт комментаторы, тележурналист), Дмитрий Васильев (комментатор, биатлоннан олимпиада чемпионы), Константин Выборнов (спорт комментаторы, журналист, Ресей Олимпиада комитетінің баспасөз хатшысы), Юрий Розанов (спорт комментаторы, журналист), Елена Вайцеховская (спорт журналисі, олимпиада чемпионы) сынды спорт журналистері өз тәжірибелерімен бөлісіп, бұл салаға қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, белгілі футбол комментаторы Юрий Розанов спорт комментаторларына арнап спорт мектебін ашатынын жариялады. Біздің кәсіпорынның қызметкерлері өз әсерімен бөлісті: «Еркін түрде өткен ашық сұхбатта аталған саладағы көптеген нюанстар туралы айтылды. Қатысушылар өздерінің спорт саласында көптеген жылдар бойы жинаған тәжірибесі, мамандықтың бізге беймәлім қырлары, спорт  журналисі пен комментаторы арасындағы айырмашылық туралы, ресейлік спортшылар үшін Пхеньчхандағы Қысқы Олимпиада ойындарының ерекшеліктері мен қиындықтары туралы әңгімелеп берді. Семинарға арнайы Қазақстанның шартарапынан – Өскенмен, Атырау, Теміртау, Көкшетау қалаларынан келген қатысушыларды көру қуаныш сыйлады. Оның себебі де түсінікті, өз ісінің майталмандары біздің елге күнде келе бермейді, келсе де мұндай ашық-жарқын сұхбаттасу нейғабыл. Осы семинарға қатысуға мүмкіндік береген Ұлттық Олимпиада комитетіне және Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасына алғыс айтамын».

Өзгеде жаңалықтар