08.14 , 12:41 | 1121 рет қаралды
ДИМАШТЫҢ КОНЦЕРТІНЕ СТАДИОН ТОЛЫ ХАЛЫҚ ЖИНАЛДЫ

Қымбатты достар!

Кеше «Астана-Арена» стадионында халықтың құрметіне бөленген, талантты әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Димаш Құдайберген сахнаға шыққан сәтте жарқ етіп, ән әлеміне құбылыс әкелді.   Әншінің ерекше дауысы миллиондардың жүрегін жаулап алды. Оның әндері елімізде ғана емес әлемнің түпкір-түпкіріне тарап кетті. Оның концертіне арнайы Қытайдан, Ресейден, АҚШ-тан, Италия мен Украинадан жанкүйерлері келді. Трибуналар лық толды, сонымен бірге, адамдар жанкүйерлер аумағында және билеуге арналған орындарда тұрды. Қытайлық жанкүйерлер барыншы дайындалып, сүйіспеншілігін жазған үлкен плакаттар ұстап тұрды. Ал қазақстандық жанкүйерлер Димаштың бүкіл әнін жатқа білетіндіктен, бірге әндетіп тұрды.

Димаш ән кешін «Майкл Джексонның концертінде отырғандай қолдап, қошамет көрсетіп отырайық, достар!» деген сөзбен бастады. Концерт басталмас бұрын эстрадамыздың танымал болған КешYou, VOX ACAPELLA, Алау, Рензо топтары өнер көрсетті.  Көрермендер Димаштың сахнаға шығуын күтті. Көп кешікпей Димаш сахнаға шығып, халықтың ыстық  ықыласына бөленді. Әнші өз репертураындағы танымал әндерін орындап, француз. Орыс, ағылшын, қытай тілдерінде де ән шырқады. Ресей эстрадасының әншісі Кристиной Орбакайтемен «Опять метель» әнін, әлемге танымал опера әншісі Майра Мұхаммедқызымен бірге «Аққуым» әнін шырқады. Кеш қонақтары әлемдік сахнаның жұлдызы Loreen өзінің танымал әні «Euphoria»-ны, Ұлы Британиядан келген әнші Софи Эллис-Бекстор – Heartbreak make me a dancer әнін шырқады. “Астана-Арена” сахнасында сондай-ақ Димаштың “I am a singer” шоуындағы бұрынғы қарсыласы қытайлық әнші Терри Лин өнер көрсетті.

Димаш лирикалық әндерін орындағанда шамдар сөніп, стадионда тыныштық орнап, көрермендер ұялы телефондарының шамдарын жағып, құдды жұлдызды аспан астында сыйқырлы әуен тыңдағандай күйге бөледі.

Үш жарым сағаттай өткен концерт керемет көңіл-күй сыйлады.

    

Өзгеде жаңалықтар