04.25 , 12:10 | 472 рет қаралды
«Астана» Шымкенттегі кездесулердегі сәтсіз сериясын аяқтады

«Астана» Премьер-Лига ойындарының 6-шы туры аясында шымкенттік «Ордабасыны» 2:1 есебімен жеңіп, екі жеңілістен тұратын сәтсіз серияға нүкте қойды.

Өткен маусымда еліміздің оңтүстігінде өткен екі кездесуде «Ордабасы» командасы 3:0 және 2:1 есеперімен астаналықтардан басым түскен еді.

Елордалық команда Шымкентте өткен ойындарда 9 рет жеңіске жетіп, 2 кездесуде тең түсіп, 5 ойында жеңіліп қалған. Доп айырмасы 23-18.

Ал жалпы екі команда өзара 30 рет кездескен. 19 ойында «Астана» басым түссе, 7 ойында «Ордабасы» жеңіске жеткен. 4 кездесу тең аяқталған.

Источник: www.fca.kz

Өзгеде жаңалықтар