04.18 , 9:08 | 381 рет қаралды
"Ақтөбе М" бас бапкері: Ойынауға керемет жағдайлы Астана Арена стадионы үшін алғыс айтамын

«Ақтөбе U21» бас бапкері Валерий Алемаскин «Алтай» жастарымен өткен ойынды қорытындылады – 1:0:

-Екі команда алма-кезек шабуылдаған ойын болды. «Алтай» бірінші таймда қорғаныста жақсы ойнады, қарымта шабуылдарын күтті. Біз алғы шепке шығыңқырап ойнадық, қысым жасадық. Алаң ортасынан бірнеше шабуыл өрбіте алдық. 35-ші минутта Рустам Темірхан гол соқты, одан бөлек 5-6 қауіпті шабуылымызға нүкте қоя алмадық. Екінші таймда қарсылас есепті теңестіргісі келді, алға жиі шықты, былайша айтқанда – ашық футбол ойнауға көшті. Қос командада сызық бойында ашық жерлер пайда бола бастады. Біз «Алтайды» «қысып», жеңгіміз келді, олар есепті теңестіргісі келді. Тағы да қайталап өтейін, қос команда да алма-кезек қауіпті шабуылдарын жасап отырды. Соңғы он бес минутта командалардың күші сарқыла бастады. Біз тез арада орталық аймақты күшейтіп, ойынды жеңіспен аяқтадық. Бізге осындай «Астана-Аренаны» беріп қойған басшылыққа тағы да алғысымды айтамын, бұндай жерде ойнап, ұпай жинау екі есе ұнайды. Бүгіннен бастап «Ертіс» жастарымен болатын ойынға дайындаламыз. Ол ойын да осы «Астана-Аренада» өтеді. Қолдауларыңызға рақмет!

Өзгеде жаңалықтар