08.14 , 12:39 | 1038 рет қаралды
АСТАНАДА ӨТЕТІН ДИМАШТЫҢ КОНЦЕРТІНЕ ҚАЛАЙ ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ

27 маусым сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында» Димаш Құдайбергеновтің концерті өтеді.

Димаштың концерті өтетін күні стадионға дейін қоғамдық көліктің 8 бағыты бойынша жетуге болады: № 10, 12, 27, 37, 28, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 505, 506.

27 маусым 18:00-ден төрт нүктеден: «Қазақстан» СК тұрақтарынан, «Нұр Астана» тұрақтарынан, елордалық циркжәне «Жастар» сарайы алдындағы тұрақтарынан көрермендерді «Астана Аренаға» дейін арнайы рейстермен (шаттлдармен) жеткізеді.

Арнайы рейс автобустарының жолақы бағасы 90 теңге, 150 теңге болады, жол жүру билеттері жарамсыз.

Концерттен соң қалаға сол шаттл мен автобус рейстері – № 10, 12, 27, 37, 28, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 505, 506 арқылы жетуге болады. Қоғамдық көлік стадион тұрағынан және «Астана Арена» аялдамасынан Қабанбай батыр даңғылы бойынша жүреді.

19:00-ден концерт аяқталғанға дейін Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарында Жәнібек, Керей көшесінен Ұлы дала көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысына шектеу қою жоспарлануда.

Көрермендер көліктерін «Астана Арена» стадионының, «Сарыарқа» велотрекі, «Алау» СС тұрақтарына, сондай-ақ қажет болған жағдайда «Барыс Арена» тұрағынақоя алады.

Өзгеде жаңалықтар