04.10 , 9:47 | 1091 рет қаралды
ЗАЙНУТДИНОВ – «АСТАНА» САПЫНДА ХЕТ-ТРИК ЖАСАҒАН ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОЙЫНШЫ АТАНДЫ

«Астана» төртінші тур аясында сырт алаңда павлодарлық «Ертісті» 6:1 есебімен жеңді.

Кездесуде соғылған алты голдың үшеуін 20 жастағы жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов өз еншісіне жазды.

Бұл хет-трик Қазақстанның төрт дүркін чемпиондары тарихандағы алтыншы нәтиже ретінде тіркелді. Бахтиерге дейін елордалық команда сапында Игорь Бугаев (2011 жыл), Атанас Курдов (2014), Фокси Кетевоама (2014), Патрик Твумаси (2014) және Джуниор Кабананга (2017) үш голдан соққан.

Осылайша, Зайнутдинов астаналықтар жейдесінде хет-трик жасаған тұңғыш қазақстандық футболшы атанды.

www.fca.kz

Өзгеде жаңалықтар