04.10 , 9:44 | 534 рет қаралды
Роман Муртазаев «Астана» сапындағы 50-ші ойынын өткізді

«Астана» Премьер-Лига ойындары аясында павлодарлық «Ертіске» қарсы ойнап, 6:1 есебімен басым түсті.

Осы кездесуде өзінің жарқын ойынымен есте қалған Роман Муртазаев, аталмыш матчта екі нәтижелі пас беріп, павлодарлықтар қақпасына бір гол соқты. Елордалық команда шабуылшысы үшін бұл кездесу «Астана» жейдесіндегі 50-ші ойыны ретінде тіркелді. Роман осы кездесулерде 8 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген.

Еске сала кетейік, бұл көрсеткіштер бойынша рекорд «Астана» сапында 228 ресми кездесу өткізген команда капитаны Ненад Эричке тиесілі. Екінші орында 215 ойын өткізген Абзал Бейсебеков.

www.fca.kz

Өзгеде жаңалықтар