04.03 , 13:54 | 392 рет қаралды
Астана Қайсарды басып өтті 2:0

 «Астана» қызылордалық «Қайсарды» 2:0 есебімен жеңді

2018 жылғы 31 наурызда «Астана Арена» футбол алаңында  турнир кестесінде көш бастап тұрған «Астана» қызылордалық «Қайсарды» қабылдады. Алаң иелері ойын басталысымен жеңіске деген құлшынысын көрсетіп, алғашқы 20 минутта басымдылық танытты. 8-ші минутта Марин Томасовтың оң жақ қапталдан берген добын, Патрик Твумаси баспен қақпаға бағыттап, гол соқты. Матчтың 15-ші минутында қызылордалық қорғаушының қателігінен, Марин Томасов допты тартып алып, қатарласа жүгіріп келе жатқан Роман Муртазаевқа береді. Муртазаев мүмкіндікті қалт жібермей екінші голдың авторы атанды. Осылайша жылдам екі гол соғып алған елордалықтар екінші таймда қонақтарды өз алаңдарынан шығарған жоқ. Қорытынды есеп – 2:0. «Астана» 9 ұпаймен турнир кестесінде 1 орынды иеленді.

 

 

Өзгеде жаңалықтар