03.28 , 15:32 | 510 рет қаралды
Қазақстан U-21 – Франция U-21 0:3.

Жеті минутта 3 гол соқты немесе деңгей тұрақсыз болғанда

2019 жылғы Еуропа жастар чемпионатының іріктеу додасының матчында Қазақстан құрамасы Франция командасынан 0:3 есебімен жеңілді.  Талғат Байсуфинов үшін «жастар құрамасының» жетекшілігіндегі алғашқы матчты құрамында бірнеше француздың болашақ жұлдыздары қатысқан өте мықты командамен  өткізу  қиындау болды. Алаң иелерінің құрамында да бірқатар мықты ойыншылар болды. Ал қақпаны Тимурбек Закировке тапсырды.   

Алғашқы минуттарда ойын тең түсіп, қазақстандықтар тек қорғана қоймай, шабуылдауға көшті.

Жан-Кевин Огюстен қауіпті сәт тудырды, ол соққан айып добы қақпадан қиыс кетті. Алғашқы он минуттан соң француздар күшіне еніп, ойынның басым бөлігін қарсыластарының алаңында өткізді.  Огюстенге есеп ашу мүмкіндігі берілгенмен, Закиров оған кедергі келтіріп қалды.  Ринат Жуматовтың айып алаңынан берген жойқын соққысы, Поля Бернардонидің  қақпасының маңдайшасынан кері қайтты.  Француздар ойынды бақылауда ұстай алмағанына ызаланса, қарсыластары тек қорғана отырмай, ойын ұйымдастыра білді. Осылайша ойынның алғашқы жартысы аяқталды.  Үзілістен кейін екі жақ та шабуылға көшіп, командалар ширай түсті. Француздар қайсарлық танытып, есе жіберемейтінін дәлелдеп бақты. Есесіне айып ұпайын алып, берген соққыны Мусса Дембелле қақпаға дәл енгізді. Есеп — 0:1. Сәл кейінірек Жан-Кевин Огюстенге қарсы пас беріліп, ол мүмкіндікті жүзеге асырып, есеп асырды. Есеп — 0:2. Қазақстандықтар да қауіпті шабуыл ұйымдастырып, Оралхан Өміртаев гол соғу мүмкіндігіне ие болған еді.  Бірақ, қарсыластары одан бұрын қимылдап, қауіпті сәт тудырды. Бұл жолғы голды Жонатан Бамба соқты. Осылайша, 0:3 есебімен ойын аяқталды. Қазақстан командасы есеп азайтуға қанша тырысқаымен, сәті келе қоймады.

Қазақстан U-21 — Франция U-21 0:3 (0:0)

Голдар: Дембеле 52 (0:1), Огюстен 56 (0:2), Бамба 59 (0:3)

Ескертулер: Соколенко 90+1 — Огюстен 23

Қазақстан U-21: Закиров, Мажитов, Сламбеков, Абикен, Жуматов (Наджарян 75), Федин, Соколенко, Калмуратов, Абилгазы, Сарсенов (Омиртаев 57), Вороговский (Шамши 80)

Франция U-21: Бернардони, Боскальи, Диалло (Упамекано 45+1), Дьяхаби, Ндомбеле (Нкунку 74), Тусар (Нчам 68), Дембеле, Лопес, Бамба, Розье, Огюстен

Бас төреші: Кит Кеннеди (Солтүстік Ирландия). 
 

Өзгеде жаңалықтар