03.28 , 15:22 | 515 рет қаралды
«Астана» 2014 жылдан бері бірінші рет «Қайратты» жеңді

Қазақстан-2018 Суперкубогы үшін өткен матчта «Астана» «Қайратты» ойсырата жеңді деп Sports.kz хабарлайды.

«Астана» мен  «Қайрат» футбол командалары арасында өткен матчта 3:0 есебімен елордалық команда  жеңіске жетті. Голдар: Маевский (59 минут), Томасов (62, 67 минуттар). Бұл «Астананың» 2014 жылғы 22 қазаннан бергі  алғашқы жеңісі. Ол кезде Премьер-Лига матчында Станимир Стойловтың шәкірттері алматылық «Қайраттан» 5:1 есебімен жеңілген болатын.  Бірақ соңғы екі жылда дәл осы «Қайраттан» ұтылып қалып, маусымды жеңіліспен бастаған. Биыл алматылықтардан есесін қайтарып отыр.

Өзгеде жаңалықтар