02.21 , 11:50 | 1170 рет қаралды
«Астана» - «Қайрат» матчына билеттер сатылымда

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты 2018 жылғы суперкубок матчының билеттері бағасын жариялады. Биылда Қазақстан суперкубогын «Астана» мен «Қайрат» сарапқа салады. Себебі, елорда клубы 2017 жылы ел чемпионы атанса, алматылықтар кубокты жеңіп алған болатын.

 

Матч 2018 жылғы 4 наурыз күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Матчтың басталуы – 15:00-де. Билеттерді «Тикетон» қызмет көрсету сайтынан және Астанадағы «Меломан», «Керуен» ОСО және «Мечта» СО серіктес-дүкендерінен сатып алуға болады.

Жанкүйерлерге билеттерді сатып алу үшін қолжетімді баға ұйымдастырылған.

  • Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік трибуналардағы барлық секторлары – 500 теңге,
  • Батыс трибунадағы W1, W2, W8 секторлары және осы трибунаның 2 қабаттағы барлық секторлары – 800 теңге,
  •  Батыс трибунасы (1-санат): W3, W4, W5, W6, W7 секторлары – 1000 теңге.

 

Өзгеде жаңалықтар