02.14 , 15:26 | 589 рет қаралды
«Астана» - «Спортинг» матчы өтетін күні барлық билеттер сатылады деп күтілуде

Құрметті достар!

13 ақпан, 2018

УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалы аясында 

«Астана» - «Спортинг» (Португалия) командалары арасында өтетін матчқа билеттердің өту қарқынына қарап, 15 ақпанда түске дейін барлық билеттер сатылады деп күтілуде.

 

Қазіргі таңда 6000-дай билет қалды. Клубтың жанкүйерлері мен қала қонақтарына билеттерді алдын-ала 14 ақпанға дейін сатып алуларыңызды сұраймын.  30 000 билет сатылғаннан кейін, стадионның сыйымдылығына байланысты билеттерді сату тоқтатылады. Тарихи маңызы бар матчты көргісі келгендер, асығыңыздар! Билеттер «Астана Арена» стадионының кассаларында, «Меломан» дүкендер желісі мен «Билеты Астаны» және «Концерты Астаны» желілерінде сатылады.

Өзгеде жаңалықтар