02.13 , 9:32 | 537 рет қаралды
«Астана» - «Спортинг» матчында арнайы рейс (шатл) қызмет көрсетеді

«Астана» - «Спортинг» командалары арасында Еуропа Лигасы финалының 1/16 матчына үлкен қызығушылық туындауына байланысты  елордалық әкімдік «Астана Арена» стадионына дейін арнайы рейстер ұйымдастырды.

Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін жиналу және жеткізу келесі мекен-жайлар бойынша төрт пунктте сағат 20.00-де жүргізіледі: 

 1) «Қазақстан» СК көлік тұрағы (Қажымұқан көшесі бойынша); 

 2) «Нұр Астана» мешіті (шығыс тараптағы көлік тұрағы); 

 3) елордалық цирктің көлік тұрағы  (Қорғалжын тас жолы тарапындағы көлік тұрағы);

 4) "Жастар" сарайы алдындағы көлік тұрағы.

Қабанбай батыр даңғылындағы «Астана Арена» стадионы» аялдамасына және стадионның көлік тұрағына кері қайту үшін   шатлдар беріледі.  

Өзгеде жаңалықтар